«Қаншама адам көрдім – үстінде киімі жоқ, қаншама киім көрдім, ішінде – адамы жоқ»
Осы сөзді бір жерден оқып едім. Мұны айтқан қандай ғұлама екен? Адамсыз киімдер…
Алматыда Халықаралық опера және балет фестивалі өтіп жатыр. Әйгілі өнер жұлдыздары Алматыда жүр. Арасында атышулы Анастасия Волочкова бар. Операның әлемдік жаңа жұлдызы – Нетта Ор бикеш те келген.
Және Қазақстанда инвестициялық саммит өтуде. Бизнес алпауыттары Қазақстанда жүр. «Бізге не береді?» деп отырмыз. Олар да «не аламыз ?»деп келген болар?!
Add a comment Маусым 3, 2010

Мемлекетте бір ғана байрақ болуы тиіс
Кеше ғана Алматыда өткен қазақтілді БАҚ-та медиа-технологияларды енгізуге қатысты семинар өтіп, онда кейбір кірме этностардың өз беттерінше,ту көтеріп, үй ішінен үй тігіп отырғаны айтылып еді. Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде «ТУДЫ КӨБЕЙТІП, ЖАМАН НЫШАН ШАҚЫРМАЙЫҚ» деген мақала жарық көрді. Арнаулы Парламент бетінде. Бірақ, мәселе тиіп-қашып, жұмсартылып көтерілген. Ол да дұрыс. Мұндай мәселелерді аттандап шешудің де қажет жоқ болар?!
Add a comment Мамыр 29, 2010

Аршат – «Егеменнің» абыройы
Біздің газеттің сайтын жасап жүрген Аршат wordpress.com жүйесімен жұмыс істеудің қыр-сыры туралы дәріс жүргізді. Осы жігіт – біздің басылымның бағы. Ақтөбеден табылған маман. Аршаттың қолына «Егемен Қазақстан» газетінің сайты тигелі бері – ол көп жақсарды. Көңілден шығады!
Add a comment Мамыр 29, 2010

«Ит» те емес, «күшік» те емес, «АЙҒҰЛАҚ» екен ғой
Кеше тұңғыш рет қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа-технологияларды енгізу тәжірибесіне байланысты тренинг жүргенінен хабардарсыздар. Осы семинарда медиа-жаттықтырушы Асхат Еркімбайдың өзіміз ауызекі тілде атап кеткен ғаламтордағы «собачканы» «АЙҒҰЛАҚ» дегені құлағыма жылы тиді. Кірме сөздер құлаққа кіріп, сіңіп кеткенше уақыт керек, әйтпесе, тілімізде өріп жүрген талай атаулар ата-бабамыздан қалмаған ғой.
Асхаттың аузындағы қазақ үшін қотырлау көрінген (интернетке, компьютерге қатысты) талай сөздердің аудармасы әдемі естіледі. Бірден қабылдайсың. Неге? Негесі сол, ол осы сөздердің дұрыстығына өзі сенеді және оны сүйіп айтады. Ана тіліміздің сұлулығын Асхат сияқты азаматтар дәлелдей алады деген ойға келдім.
Add a comment Мамыр 29, 2010

Мен бүгін блогымның кіндігін кестім
Бүгін Алматыда «Қазақ тілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа-технологияларды енгізу» атты тренинг өтті. Бұл менің кәсіби өсуім үшін маңызды қадамның бірі болды деп есептеймін. Әлемді ақпараттық технологиялар билеп тұр. Ғаламтордағы қазақ контентінің дамуына әр қайсысымыз үлес қоспасақ, кім оны бізге жасап береді?
Бірден блог ашып кете алмадым. Ән нәрсеге алаңдап отырып, әріптестеріме ілесе алмай қалдым. Құдай жарылқағанда, Асхаттың төзімі бар екен, бізді алып қалып, қайта үйретті.
Мен үшін бұл күн – ғаламтордағы әлемімнің кіндігі кесілген күн.
Add a comment Мамыр 28, 2010

Hello world!
Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!
1 comment Мамыр 28, 2010
